Астана қаласы әкімдігінің №57 «Салтанат» балабақшасында өткен «Мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәжірибелері» атты қалалық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Семинар барысында педагогтер жазғы сауықтыру жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың озық тәжірибелерімен танысып, кәсіби тәжірибе алмасты. Іс-шара қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, мазмұнды әрі тәжірибелік маңызы зор алаңға айналды.